Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті
Бұл туралы «Жалын» журналының бас редакторы Құдияр Біләл әлеуметтік желіде мәлімдеді
Белгілі ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Шаханов ауыр қазаға душар болды. Ұлы — Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған сырқаттан кейін өмірден озды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы «Жалын» журналының бас редакторы Құдияр Біләл әлеуметтік желіде хабарлады:
«Суыт хабар. Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды».
Еске салайық, 2021 жылы ақынның тағы бір ұлы — Рауан Шаханов қайтыс болған еді. Ал биыл сәуір айында оның бұрынғы жары, Розалинда Шаханова 74 жасында дүние салған еді.