Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі бола тұра, мүмкіндігі шексіз Ералы

Екі қолы және бір аяғы жоқ Ералы есімді рухты жігіттің бейроликтері адамды шүкірлікке шақырады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Себебі ол қос қолының жоқтығына қарамай, адамдарға мотивация сыйлайды. Оның әрбір салған видеосы позитивке тұнып тұр.  Көлік жүргізіп, спортпен шұғылданып, шынтағымен турникке тартылады. Жүзуден де алдына жан салмайды. Үнемі күлімсіреп, адамдарды жақсылыққа жасауға шақырып жүреді. Мешіттен намазын қаза қылмауға тырысады. Қиындыққа мойымай, ашық-жарқын өмір сүрген Ералы әлеуметтік желінің сүйіктісіне айналды.