Мүмкіндігі шектеулі жандарды ертіп жүретіндерге пойыз билеттеріне жеңілдік қарастырылмақ

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың серіктеріне теміржол билеттеріне 50 пайыздық жеңілдік жасау жоспарлануда.
Министрлік бұл өзгерісті жолаушыларды тасымалдау ережелеріне енгізуді көздеп отыр. Жеңілдік I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды ертіп жүретін адамдарға беріледі.
"Енді ерекше қажеттіліктері бар жандарға пойызға отыру кезінде медициналық мекемелерден анықтама алып жүрудің қажеті жоқ. Ақпарат арнайы деректер базасы арқылы автоматты түрде тексеріледі", – деп мәлімдеді ведомство.
Жаңа ережелер 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енеді деп күтілуде.