Мұнай бағасы қайта қымбаттады

Жыл басынан бері тұрақсыздық танытқан мұнай бағасы соңғы аптада өсімін жалғастырды
Қазіргі таңда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 76 доллардан асып, екі апта ішінде шамамен 3%-ға қымбаттады. Ал WTI маркасы 72 доллар 12 цент деңгейінде саудалануда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бағаның көтерілуіне АҚШ-тағы шикізат қорының артуы және саяси шиеленістер әсер етті. Әсіресе, Қазақстан мұнайын тасымалдайтын құбырға жасалған шабуылдан кейін экспорт көлемінің күрт төмендеуі нарықтағы жағдайды күрделендірді.