Жаңалықтар

Мұнай бағасы құлдырауда: Қазақстанды не күтіп тұр?

The final spritzer

Brent маркалы мұнай бағасы 2021 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін құлдырады.

Әлемдік мұнай бағасы арзандауды жалғастыруда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы CMN.kz-ке сілтеме жасап. 

Brent маркалы мұнайдың бағасы алғаш рет 2021 жылғы сәуірден бері барреліне 64 доллардан төмен түсті. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы маусым айындағы фьючерстердің құны 2,89 пайызға құлдырап, Астана уақытымен сағат 11:00-де бір баррель үшін 63,75 долларды құрады. 7 сәуірге қараған түні фьючерстердің ең төменгі бағасы 63,01 долларға дейін түсті.

Сарапшылардың пікірінше, бұл құлдырау АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден әкелінетін тауарларға жоғары баж салығын енгізу туралы шешімінің аясында орын алуда. Осы сәттен бастап мұнай бағасы абсолюттік мәнде 11 доллардан астамға төмендеді.

Bloomberg агенттігі атап өткендей, Сауд Арабиясының ең ірі мұнай компаниясы Saudi Aramco Азиядағы ең ірі сатып алушылар үшін мамыр айында жеткізілетін Arab Light маркалы шикі мұнайдың бағасын осыған дейін күтілген болжамнан да төмен деңгейде арзандатты.

Мұнымен қоса нарыққа ОПЕК+ ұйымының мұнай өндіру көлемін күрт арттыру туралы мәлімдемесі де әсер еткен. Ұйымға мүше елдер 2025 жылдың мамырынан бастап қара алтын өндіру квоталарын тәулігіне 411 мың баррельге арттырады.  Бұл бастапқы жоспардан үш есе көп.

Қазіргі таңда Goldman Sachs сарапшылары бір апта ішінде Brent мұнайының бағасына қатысты болжамды екінші рет төмендетті. 2025 жылғы желтоқсанға арналған жаңартылған болжам — барреліне 62 доллар (бұрынғы болжамнан 4 долларға төмен). ING банкі де сұраныс пен ұсынысқа қатысты құбылмалы ахуалдың артуына байланысты өз болжамын қайта қарады. Сарапшылардың айтуынша, бағаның әрі қарай құлдырау қаупі сақталып отыр.

Ол Ұлттық қорға мұнайдан келетін түсімдердің екі есеге қысқарғанын 3 сәуірде де атап өткен болатын:

Айта кетейік, сарапшылар бұған дейін, 2024 жылдың қарашасында-ақ, мұнай бағасы 70 доллар болса да, бұл Қазақстан бюджетіне ауыр соққы болатынын ескерткен еді. Себебі 2025 жылға арналған бюджетте мұнайдың бір баррелінің бағасы 75 доллар деп жоспарланған.

Еске салайық, Дональд Трамп мұнай бағасын барреліне 40 долларға дейін түсіруге уәде еткен болатын. АҚШ президенттігіне кандидат кезінде ол Украинадағы соғысты тоқтату үшін мұнай бағасын төмендету қажет екенін айтқан. Кейін, 2025 жылдың қаңтарында Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда Трамп Сауд Арабиясы мен ОПЕК-ті мұнай бағасын төмендетуге көндіруге ниетті екенін мәлімдеген еді.