Мұрат Әбенов жаңа Конституция адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қалай қорғайтынын айтты
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасына жасанды әрекетсіздіктен, ұзаққа созылған институционалдық дағдарыс сценарийлерінен қорғаудың пәрменді құқықтық тетіктері енгізілген.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Атап айтқанда, 46-шы және 62-баптардың бастапқы редакциясы негізгі тағайындауларды қайта келісуден бас тартқан кезде Құрылтайдың таратылуын көздеді, бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес келмейді.
Мұрат Әбенов өз сөзінде Вице-Президент институтын енгізу логикасына түсініктеме берді.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутатының айтуынша, Ата заң жобасының новеллаларын дұрыс түсінбеу реформаларды мәнін бұрмалауға әкеп соғады. Сондықтан бүгін бәрін шешіп алуымыз қажет.
Сонымен қатар депутат қоғамда да көптеген мәселелер туғызған Ата заң жобасының 5-бабының 6-тармағына назар аударды.