Жаңалықтар

Мәскеудегі парадқа қатысатын қазақстандық десантшылар дайындық үстінде

The final spritzer

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі десантшылардың жаттығу барысынан бейнекадрлар жариялады.

Мәскеуде Қазақстанның десантшылары Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындықтарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мәскеудегі парадқа Қазақстан армиясының атынан генерал-майор, Кеңес Одағының Батыры Иван Панфилов атындағы 37-десанттық-шабуылдау бригадасы қатысады. Бұл әскери бөлім Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына енеді және тұрақты жауынгерлік дайындықтағы бөлім саналады.

Парадтық құрамды 37-бригаданың командирі, "Айбын" орденінің II дәрежесі мен "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалінің иегері – полковник Алмас Төлегенов бастап барады. Жалпы парадтық құрамда 80 адам бар: екі офицер, 28 келісімшарт негізінде қызмет етуші және 40 мерзімді қызметтегі сарбаз.