Мұзды қолмен ойып, Атырауды сумен қамтамасыз еткен батырдың кім екені белгілі болды
Мұзды қолмен ойып, Атырауды сумен қамтамасыз еткен батырдың кім екені белгілі болды
Өткен демалыс күндері Атырау қаласының тұрғындары тұтастай сусыз қалған уақытта, Жайықтағы қатып қалған мұзды қолымен ойып, су сору жабдықтарын қалыпты режимдегі жұмысына қосқан сүңгуірдің есімі - Акентьев Владислав Витальевич, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Владислав – Өскемен қаласының тумасы. Владислав осыдан екі жыл бұрын Қазақстан Қарулы Күштерінің сабында әскери борышын өтеген. Ефрейтор әскери шенін алған. Әскерден кейін бірден "Гидротехникалық компания" серіктестігінде жұмыс істеп, кейін сүңгуір мамандығы бойынша кәсіптік оқудан өткен. Теориялық және практикалық емтихандарды сәтті тапсырып, 2022 жылғы сәуір айынан бастап, ұйым штатына 5-разрядты сүңгуір ретінде қабылданған. Өзі еңбекқор, ісіне адал Владислав суық судың астында біренеше сағат тұрып, мұз басқан жабдықты қолмен тазартты.
Өскемендік "Гидротехникалық компания" ЖШС қазіргі уақытта жергілікті Атырау мұнай өңдеу зауытына келісімшарт негізінде қызмет көрсетіп жатыр. Бір түнде Атырауда су аппокалипсисі қалыптасқан кезде осы компания көмекке келген. Еске сала кетсек, Атырау қаласы тұрғындары демалыс күндері сусыз қалды. Жергілікті билік төтенше жағдайға Жайық өзенінде мұздың қатуы себеп болғанын айтты.