Мәжіліс вейптерді сатуға толық тыйым салатын заң жобасын қабылдады
Мәжіліс вейптерді сатуға толық тыйым салатын заң жобасын қабылдады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдап, оны Сенатқа жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.
Бұл заң талаптарын бұзған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Соның ішінде, вейпті сатқан адам 50 күнге, оны елге әкеліп, таратқан адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.