Жаңалықтар

Мақпал Жүнісованың қар тазалап жүрген видеосы пайда болды

Мақпал Жүнісованың қар тазалап жүрген видеосы пайда болды

Халық әртісі Мақпал Жүнісова аязды күрекпен қарсы алды, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Танымал әншінің еңбекқорлығы оның оқырманын тәнті етті. 59 жастағы Мақпал Жүнісова қара жұмыстан қашпайтынын дәлелдеді. Алматы демалыс күндері ақ ұлпаның астында қалғаны белгілі. Өнер иесі еш қымсынбай, қолы күрек алып есік алдындағы қарды тазалауға өзі кіріскен. Әншінің қар тазалап жатқандағы видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Әншінің еңбекқорлығына оқырманы да дән риза болды. Олар өнер иесіне жылы сөздер жазған.