Жаңалықтар

Маңғыстау облысында 11 оқушы тағамнан улану белгілерімен ауруханаға түсті

The final spritzer

Балалардың қазіргі жағдайы тұрақты.

Маңғыстау облысында 11 оқушы тағамнан улану белгілерімен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бейнеу ауылында 1 сәуір күні 9 бен 12 жас аралығындағы 11 оқушы жүрек айну, құсу және әлсіздік белгілерімен аудандық ауруханаға жеткізілді. Олар 2, 3 және 5 сыныптарда оқиды.

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаларда асқорыту жүйесінің бұзылысы – функционалды диспепсия анықталған.

Азық-түлік үлгілерін зерттеуге алынып, тексеру жүргізілуде.