Маңғыстау және Атырау облыстары графиктен кешігіп келеді- Ә.Смайылов
Маңғыстау және Атырау облыстары графиктен кешігіп келеді- Ә.Смайылов
Маңғыстау мен Атырау облыстары мал азығын дайындау жұмыстарын кешеуілдетуде. Бұл туралы ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. «Жалпы биыл мал азығын дайындау жұмыстары үшін ауа-райы қолайлы болып тұр. Дегенмен, Маңғыстау және Атырау облыстары графиктен кешігіп келеді. Бұл өңірлер Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, жұмыс қарқынын күшейтуі керек», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында. Жергілікті атқарушы органдар ұсынған жедел деректерге сәйкес, бүгінде 21 млн тонна шөп дайындалды. Бұл жоспардың 87,3 пайызын құрап отыр. 22 тамыздағы жағдайы бойынша пішендеме дайындау 1,2 млн тоннаны немесе 90,6 пайызды, сабан 1 млн тоннаны немесе 27,4 пайызды, құнарлы азық 918 мың тоннаны немесе 17,6 пайызды және сүрлем 192 тоннаны немесе бұл жалпы жоспардың 11 пайызды құрайды.