Жаңалықтар

Маңғыстауда 60 мұғалімнің дипломы жалған болып шықты

The final spritzer

Енді олар сот алдында жауап береді

Маңғыстау облысында 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Мұны облыстың білім басқармасы тексеру кезінде анықтаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, олар бірнеше жыл бойы оқушыларға сабақ беріп келген. 

"Жалған құжат жасатып, айлық алған 60 мұғалімнің барлығы жұмыстан шығарылды. Облыстың білім басқармасы “жалған” ұстаздарды жұмыстан шығарып қана қоймай, сотқа да берді. Осылайша айлық ретінде төленген қаражатты мемлекет бюджетіне қайтарып алмақ", -деп жазылған облыстық білім беру басқармасы таратқан хабарламада.