Маңғыстауда алып сәби дүниеге келді
Бұл туралы облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық перинатальдық орталықта Маңғыстау ауданының тұрғыны салмағы 5760 грамм, бойы 61 см алып сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нәресте отбасындағы екінші бала, бірінші сәбиін 2022 жылы 4 320 грамм салмақпен босанған. Анасында гестациялық қант диабеті болған.
Қазіргі таңда анасы мен баласының жағдайлары қанағаттанарлық, тұрақты. Дәрігерлердің жіті бақылауында.