Жаңалықтар

Маңғыстауда тәрбиеші бүлдіршіннің қолын шығарып жіберген: әйелге айыппыұл салып жұмыстан босатты

The final spritzer

Жарақат алған қыздың анасы Венера Жансерикова оқиғаның 17 қаңтарда болғанын айтты.

 Әкесі бір жарым жасар қызының қолы ауырғанын байқап, оны ауруханаға апарған. Сол жерде баланың қолы шығып кеткені анықталды, деп хабарлайды - Jambylinfo.kz 

Алайда, бұл жағдайды баланың тәрбиешісі де, бала күтуші де мойындамай, ештеңе байқамағандарын айтқан. Сондықтан ата-ана сол күнгі бейнежазбаны көрсетуді талап еткен.

Бейнежазбада жерде отырған қызына бала күтушінің ұмтылып, қолынан жұлқып, басқа жерге ығыстырғанын көрген. Екінші рет ұйқыдан тұрған кезде киіндіріп жатып, қолынан тартып қалған. Сол кезде бүлдіршіннің қолы шығып кеткен көрінеді.

Венера Жансерікова бір күннің бейнежазбасын толық көріп, жаға ұстатарлық жәйттарға куә болған. Айтуынша, тәрбиеші мен бала күтуші топтағы 15 баланы күн ұзағына телевизордың алдында ұстап, барлығын бір қасықпен тамақтап, шәй-су бермей шөлден қатырған. 

Аймақтық білім бөлімі оқиға бойынша тексеру жүргізіп, тәрбиешіні және көмекшісін жұмыстан босатқанын хабарлады.