Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Осылайша қазақстандық алтыншы боксшы ширек финалға жолдама алып отыр
Бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінде Махмұд Сабырхан ширек финалға шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
54 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде малайзиялық тайбэйлік Лай Ян-Линмен кездесіп, бірінші раудта қарсыласын үш мәрте нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті.
Енді Махмұд Сабырхан ширек финалда Шри-Ланка елінің боксшысы Жаянант Кумарамен кездеседі. Қос боксшы арасындағы ширек финалдық бәсеке 6 желтоқсанда өтеді.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекте техникалық нокаутпен жеңіске жеткен Махмұд Сабырхан кемі қола жүлде алады.