Малайзияда Х Азия – Тынық мұхиты ойындары басталды
Жарысқа әлемнің 24 елінен 1300-ге жуық есту қабілеті зақымдалған спортшылар қатысып жатыр
Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Х Азия – Тынық мұхиты ойындарының ашылу салтанаты өтті. Елімізден бұл байрақты бәсекеге 80 спортшымыз спорттың 8 түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарыста атлеттер спорттың 10 түрінен сын түседі. Атап айтқанда, жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, боулинг және футболдан өзара мықтыны анықтайды.
🏆Алғашқы күннің жеңімпаздары
Қазақстандық спортшылар жарыстың алғашқы күнінде-ақ жеңіс тұғырынан көрінді. Шахматтың блиц түрінен:
• Әйелдер арасында Балжан Жұмағазиева 8 ұпай жинап, Азия – Тынық мұхиты ойындарының чемпионы атанды.
• Ерлер арасында Самажан Кеттебеков 8,5 ұпай жинап, күміс медаль алды.
Айта кетейік, Азия – Тынық мұхиты ойындары 8 желтоқсанға дейін жалғасады.