16 және 12 жастағы екі қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция ғимаратының терезесінен секіріп кетті.
Күдікті ауруханада бірнеше күн жатып, қайтыс болды.
5 ақпанда аудан тұрғыны екі қызының зорлық-зомбылық көргенін айтып, полицияға шағым түсірген.
▫️Әйелдің айтуынша, екі қыз 4 жыл бойы педофилден зәбір көріп келген.
Күдікті қыздардың ата-анасының жақын танысы екені анықталды. Ол тергеу кезінде істеген ісін мойындаған.