Маңғыстаулық сарбаз әскерге шақырылғанына бірнеше күн өткенде қайтыс болды.

0 6

Маңғыстаулық сарбаз әскерге шақырылғанына бірнеше күн өткенде қайтыс болды.

Оқиға Жамбыл облысы Қордайда болған. Марқұм 18 жастағы Әлібек Қалбайдың туыстары оның әскерге барғысы келмегенін айтады.

«Оның денесінде көгерген жерлер көп. Әскери бөлімдегілер бізге кінәлі адам темір тордың артында екенін айтты. Бірақ бұл шын ба, білмейміз», — дейді Әлібектің әпкесі.

Қорғаныс министрлігі қатардағы жауынгер 22 сәуірде Гвардейский қалалық типтегі әскери ауруханада қайтыс болғанын хабарлады.

«Сарбаз таңертең сапқа тұру кезінде талып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Алайда ол есін жимастан қайтыс болды. Жауынгердің қайтыс болу дерегi бойынша тексеру басталды».

Leave A Reply

Your email address will not be published.