Марат Қожаев Сенат депутаты болып тағайындалды
Ол Ішкі істер министрлігінің орынбасары қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Қожаевты Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты етіп тағайындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылдытағайындалд Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.