Марко Рубио келер жылы Қазақстанға сапарлайды
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио алдағы жылы Қазақстанға келуді жоспарлап отырғанын айтты.
Бұл туралы Марко Рубио Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлерімен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сондай-ақ Рубио өз сапарының бес елді де қамтитынын және бір аптаға жуық уақытқа созылатынын айтты.
«Барлық бес елге барғым келеді. Бұл, шамамен, апталық сапар болмақ», – деді Мемлекеттік хатшы.