Марқакөлде де өрт шықты

0 15

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі дала өртіне қатысты 9 қыркүйектегі жағдай бойынша мәлімет берді.

«Күршім ауданында (Марқакөл орман шаруашылығы, Бобровское орман шаруашылығы, Төсқайың ауылдық округі) алдын ала өрт аумағы 1800 гектарды құрады. Өртті сөндіруге 278-ден астам адам жұмылдырылған. Су төгетін құрылғысы бар үш тікұшақ тартылды», — делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ Алтай аймағында (Зырян орман шаруашылығы, Быковское орман шаруашылығы) 1400 гектар аумақта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Екі тікұшақ тартылып, 141 тонна су төгілді.

Ал Қатонқарағай ауданында өрт 1900 гектар аумақты шарпыған. Бұл жаққа да МИ-2 және МИ-17 тікұшақтары да тартылған.

Тарбағатай ауданындағы Құйған ауылдық округі аумағында дала өрті сөндіріліп жатыр. Орман аймағында 17,5 гектар аумақта өрт таралуы тоқтатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.