Мас күйінде ұсталған депутат «Nur Otan» партиясынан шығарылды

0

Бұл мәселе партияның облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының отырысында қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, сот  облыстық мәслихат депутаты  Қайрат Әбішевті мас күйінде көлік жүргізгені және басқа да бұзушылықтары үшін сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындады.

Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченконың айтуынша, құрамында 11 адам бар саяси кеңес бюросының отырысында партияның мүшелігі туралы мәселе қаралды.

– «Nur Otan»  партиясы Павлодар облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының 2021 жылғы 26 мамырдағы кезектен тыс отырысында «Nur Otan» партиясы Жарғысының 3.6-тармағы негізінде Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Сансызбайұлы Әбішевтің «Nur Otan» партиясына мүшелігін тоқтату туралы қаулы қабылданды. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының 3-1, 3-тармақтары негізінде депутаттық өкілеттіктер мерзімінен бұрын тоқтатылады, – деп хабарлады партияның облыстық филиалы.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.