«Мәселені шешуді білмесеңіздер, өңірлерге кедергі жасамаңыздар»- Депутат

0 18

Депутат Сауда және интеграция министрін сынға алды.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ғалым Әміреев халықтың азық-түлік бағасының тұрақталатынына сенбейтінін айтып, бұл мәселе бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігін мәлімдеді. Айтуынша, елге ең төмен бағалар бойынша ақпарат беретін аналитикалық маркетинг орталығы керек. Сондай-ақ азық-түлік өнімдерін тасымалдау мәселесі де шешілмеген.

«Үкімет аяғын шалыс басудан шаршамай ма? Егер мәселені қалай шешуді білмесеңіздер, онда өңірлерге кедергі жасамаңыздар», — деді Ғ.Әміреев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.