Мәскеуде Әлихан Бөкейханов туралы кітаптың тұсауы кесілді

0 21

Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі, қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» («Әлихан Бөкейханов. Аңыз адам») кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 

Кітап авторы — ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Козодой.

 

Автор өз еңбегінде дереккөздерді, материалдар мен фактілерді, соның ішінде бұрын ғылыми айналымда пайдаланылмаған мұрағат құжаттарын, естеліктерді, сол жылдардағы газет-журнал беттеріндегі жарияланымдарды пайдаланды.

Бұған дейін кітаптың тұсаукесері Қазақстанның бес қаласында (Астана, Алматы, Павлодар, Семей, Қарағанды) сәтті өткен болатын. Енді, ресейлік ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Мәскеу қаласында өтті.

Жиынды ашқан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев бұл кітапты Әлихан Бөкейханов тұлғасының алғашқы терең және тұтас ғылыми зерттеуі деп атады. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және қалың бұқараға ақпарат беру аясында Алаш қозғалысы қызметінің көптеген қырлары ашылмағанын еске салды. Осыған байланысты, бұл кітап Қазақстанның Тәуелсіздігін болжаған тарихи оқиғаларды зерттеуге елеулі үлес қосты.

 

Шара барысында Ермек Көшербаев Виктор Козодойға 2-дәрежелі «Достық» орденін және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын табыс етті.

 

Өз кезегінде ғалым Қазақстан басшылығына жоғары марапаты үшін алғыс айтып, кітапты екі ел халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан қарапайым үлесі деп атады. Оның пікірінше, Әлихан Бөкейхановты Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де тарихи қайраткері деп санауға болады, өйткені ол Мемлекеттік Думаға сайланды, Бүкілресейлік ұйымдардың жұмысына және Бүкілресейлік мәселелерді шешуге қатысты.

Сөз соңында Виктор Козодой кітаптың қазақ тіліне аударылғанын айтып, жақын арада оның жарық көруіне үміт білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.