Маусым айында отандық өндірушілер өсімдік майын 5,4% қымбаттатқан

0 9

Өткен маусым айында өсімдік майын өндіруші қазақстандық кәсіпорындар бағаны 5,4%, шайға — 2,8% қымбаттатқан.

Биылғы маусым айында оның алдыңғы мамырмен салыстырғанда отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 3,1% жоғарылаған.

Атап айтқанда, өткен айда азық-түлік өнімдерін өндіруші отандық кәсіпорындарда баға өсімдік майына — 5,4%, шайға — 2,8%, құс етіне — 1,7%, мал етіне, жармаларға және нанға — 0,7%-дан, күрішке — 0,5%, сүт өнімдеріне 0,3% жоғарылады. Керісінше, қара бидай ұнына — 3,1%, қантқа — 0,5%, макарон өнімдеріне 0,3% төмендеген.

Баға электр энергиясымен және сумен жабдықтауда электр энергиясы 0,7% қымбаттады.

Сондай-ақ тау-кен өндіру саласында бағаның металл кендеріне — 6,3%, мұнайға — 3%, көмірге — 0,8%, табиғи газға 0,2% жоғарылауы байқалды.

Өңдеу саласында баға қара металдар илегіне — 10,7%, қорғасынға — 9,2%, мысқа — 8,6%, мырышқа — 4,6%, асыл металдарға — 4,4%, алюминийге — 4%, ферроқорытпаларға 3,4% көтерілді. Мұнай өнімдерінен бензинге — 4%, мазутқа — 0,8%, дизель отынына 0,3% қымбаттады. Сұйытылған пропан және бутанға 0,6% арзандады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.