Жаңалықтар

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды

Оған еліміздің барлық өңірінен 81 бала, соның ішінде су басқан аймақтардан келген оқушылар қатысты деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Аталған шара аясында балалар «Ақорда» резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалады. Резиденция аумағындағы бақты аралап көрді. Сондай-ақ балалар Қазақстан Президентінің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды.