Жаңалықтар

"Денесі 6 ай өткенде табылды": Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының денесі жер қойнына тапсырылды

Бұл туралы журналист Болат Аманбаев фейсбук желідегі парақшасында жазды

Осыдан 6 ай бұрын Павлодар облысындағы Майқайың алтын кен орнында оқыс оқиғадан қаза тапқан құтқарушы Айдос Шаймерденді жақындары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

“Абыз жұрты Айдос Шаймерденді соңғы сапарға шығарып салды. 36 жасында бақилық болған құтқарушының артынды бес баласы қалды. Марқұмның денесі 6 ай 15 күн өткен соң барып табылды. Автобус жүргізушісі Әйіп Тлеубергенді іздеу жұмыстары жалғасуда”, деп жазды Болат Аманбаев. 

Еске салайық, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған еді. Автобуста жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Әлі бір құтқарушынының денесі табылмай жатыр. Ал құқарушы Айдос Шаймерденнің денесі 6 ай, 15 күн өткенде яғни 19 шілде күні табылған болатын.