Жаңалықтар

Мексика астанасында метро көпірі құлады

Мексика астанасында метро көпірі құлады

Мехикода метро көпірінің құлауы салдарынан қаза тапқандардың саны 23-ке жетті. Бұл туралы бүгін қайғылы оқиға болған жерде жүрген мегаполис басшысы Клаудия Шейнбаум хабарлады.  width= «Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін 23 адамның денесі табылды. 65 адам ауруханаға жатқызылды», деді Мехико қаласының басшысы. Қаланың оңтүстігіндегі Оливос станциясының жанында дүйсенбі күні жергілікті уақытпен 22:25-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 09:25), пойыз өтіп бара жатқан сәтте көпір құлап кеткен еді. Салдарынан екі вагон 10 метр биіктіктен құлады. Құқық қорғау органдары апаттың себептерін анықтап жатыр. Айта кетейік, бұл аймақтағы Мехико метро желісі 2012 жылдың қазан айының соңында пайдалануға берілген.