Жаңалықтар

Мектеп мұғалімдерге 40 млн теңге қарыз болған

Өйткені ұстаздар 6 ай бойы айлық алмаған

Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік гимназиясының мұғалімдерге жарты жыл айлық төлемеген. Осылайша борышкердің қызметкерлерге қарызы 40 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алматы облысы Прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектеп басшылығы банкроттық сатысында болған. Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған.

.