Жаңалықтар

Мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр

Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп

Бүгін Абай облысында бірінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқып жатыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлімдеді. деп жазады Jambylinfo.kz.
2024 жылдың 12 қарашасында Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 ауысым оқушылары онлайн оқуда:
Аягөз ауданындағы 12 мектеп  1-11 сыныптар;
Жаңасемей ауданындағы 2 мектеп 1-11 сыныптары;
Сондай-ақ облыс орталығы Семей қаласындағы барлық мектептердің 1-11 сыныптары мен колледждің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.
Ал қалған аудандар мен қалалардағы мектептер әдеттегідей оқуда.