Мектепте атыс болып, үш адам қаза тапты
Жарақат алған екі оқушының жағдайы ауыр
АҚШ-тың Висконсин штатының Мадисон қаласындағы христиан мектебінде атыс болып, кемінде үш адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алған, деп хабарлайды хабарлайды Jambylinfo.kz.El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қаза тапқандардың ішінде оқ атқан қыз да бар. Ол 15 жасар Натали Рэпноу екені анықталды, ол өзін Саманта деп те атады.
Қаза тапқандардан басқа, алты мектеп оқушысы мен бір мұғалім жарақат алды. Жарақат алған екі оқушының жағдайы ауыр.
Полиция оқ атқан қыздың әкесімен тілдесіп, оның оқиғаға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Қайғылы оқиғаның басқа да себептері анықталуда.