Мемлекет басшысы Ақтоғай кен байыту кешеніне барды

0 3

Қасым-Жомарт Тоқаев «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-не қарасты Ақтоғай кен байыту кешеніне барып, ондағы екінші кен байыту фабрикасын пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Бұл кеніштің мыс өндіру жөнінен әлемдегі ірі кен орындарының қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Президент кешенді аралап көру барысында «KAZ Minerals Aktogay» компаниясы жұмысының негізгі көрсеткіштерімен танысып, кен өндіру процесін көрді. Содан кейін Мемлекет басшысы жаңа сульфид фабрикасының жұмысын бастауға ресми түрде рұқсат берді және кәсіпорын қызметкерлерінің алдында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды кен байыту фабрикасының іске қосылуымен құттықтап, ұлттық индустрияны дамытуға тың серпін беретін жобаның стратегиялық маңызы бар екенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.