Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының президентін қабылдады

Жүздесуде уран өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды

Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцельді қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары канадалық трансұлттық компанияның басшысымен кездесуден басталды. Жүздесуде уран өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Тим Гитцель Президентке "Инкай" бірлескен кәсіпорнының қазіргі қызметі мен жоспарлары жөнінде ақпарат берді. Бұл компания Түркістан облысында орналасқан кен орнын ширек ғасырдан бері игеріп келеді.