Қасым-Жомарт Тоқаев: "Үкімет ұсынған қосымша құн салығының мөлшері тым жоғары"
Мемлекет басшысы қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуі тиіс деп санайды.
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды - Jambylinfo.kz
Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс.
Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс.