Мемлекет басшысы қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алмаз Джумакеев 1970 жылғы 6 наурызда Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының Пржевальск қ. 1970 жылғы 6 наурызда әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.
Ұлты қырғыз, Қазақстан Республикасының азаматы.
1992 жылы Лениндік Комсомол атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық екі мәрте Қызыл Ту училищесін тәмамдаған.
Мемлекеттік наградалары
2-дәрежелі Айбын;
2-дәрежелі Данқ.
Мансабы
1992 ж, маусымнан бастап 1992 ж. қарашаға дейін Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі парашюттік-десанттық батальоны парашюттік-десанттық ротасы парашюттік-десанттық взводының командирі;
1992 жылғы қыркүйек пен қазан аралығында Тәжікстандағы РФ шекара әскерлері Пянжан шекара жасағының жауапкершілік аймағында ТМД Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты;
1992 ж. қараша мен 1993 ж. қараша аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі парашюттік-десанттық батальоны барлау взводының командирі – барлау бастығы;
1993 ж. қараша мен 1994 ж. қазан аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальоны (автомобильдерде) штабтық ротасының командирі;
1994 ж. қазан мен 1996 ж. маусым аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальоны (автомобильдерде) командирінің орынбасары;
1996 ж. маусым мен 1998 ж. ақпан аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының командирі (автомобильдерде);
1998 ж. ақпан мен 1998 ж. мамыр аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының командирі (БТР-80-де);
1998 ж. мамыр мен 1999 ж. маусым аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі "БАРС" жекелеген десанттық-шабуылдау батальонының (ұйымдық-штаттық іс-шаралар жөніндегі) командирі (автомобильдерде);
1999 ж. маусым мен 2001 ж. тамыз аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі "БАРС" жекелеген десанттық-шабуылдау батальонының (ұйымдық-штаттық іс-шаралар жөніндегі) командирі (автомобильдерде);
2001 ж. тамыз бен 2003 ж. қазан аралығында штаб бастығы – Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары;
2003 ж. қазан мен 2009 ж. желтоқсан аралығында Талдықорған қ. 18404 әскери бөлімінің командирі;
2009 ж. желтоқсан мен 2010 ж. сәуір аралығында Астана қ. ҚР ҚМ ШБК жауынгерлік даярлық пен әскерлер қызметі департаментінің бастығы;
2010 ж. сәуір мен 2010 ж. қыркүйек аралығында Қарағанды қ. "Астана" ӨңҚ штабының бастығы – өңірлік қолбасшылық қолбасшысының бірінші орынбасары;
2010 ж. қыркүйек пен 2011 ж. мамыр аралығында бас қолбасшының (ТжӘҚЖ) жөніндегі орынбасары – Астана қ. ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысы басқармасының ТжӘҚЖ бас басқармасының бастығы;
2011 ж. мамыр мен 2015 ж. қазан аралығында Астана қ. 68665 әскери бөлімінің командирі;
2015 ж. қазан мен 2018 ж. сәуір аралығында Алматы қ. ҚР ҚК Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы;
2018 ж. сәуір мен 2018 ж. желтоқсан аралығында ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) – ҚР ҚК ҚӘ БҚБ ЖДББ бастығы;
2018 ж. желтоқсан мен 2019 ж. тамыз аралығында ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы;
2019 ж. тамыз бен 2021 ж. маусым аралығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің (БШ) тыңдаушысы;
2021 ж. маусым мен 2021 ж. тамыз аралығында ҚР Қорғаныс министрінің өкімінде болды;
2021 ж. тамыз бен 2022 ж. наурыз аралығында бас қолбасшының орынбасары – ҚР ҚК ҚӘ БҚБ ЖДББ бастығы.
2022 ж. наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы.