Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысы Қазақстанның Пәкістанды аймақтағы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтіп, қос халықтың игілігі үшін сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.