Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония президентін құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 8 қыркүйекте Солтүстік Македония Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.