Жаңалықтар

Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

 Президент су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент су саласында мықты мамандар әлі де жетіспейтінін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету айрықша маңызды міндет екеніне тоқталып, соңғы жылдары осы бағытта нақты шаралар қабылданғанын жеткізді.