Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді.
Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.