ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде барлық қатысушыны Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Жамбылинфо Ақордаға сілтеме жасап.
«Баршаңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Тұтас түркі жұртына ортақ Әз-Наурыз бәрімізге бақ-береке әкелсін! Сонымен қатар, Наурызбен тұспа-тұс келетін он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазанның басталуына орай ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар», — деді жиында ҚР Президенті.
Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. Бүгін Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.