Жаңалықтар

Мемлекетке 450 млн теңге шығын келтірді

Қазақтелекомға қарасты сервистік фабрика басшысы қамауға алынды

Ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше болып табылатын «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Сервистік фабрикасының лауазымды адамдары өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Филиалдың бас директоры мен бірқатар қызметкерлері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында оған Тараз қаласындағы Қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмен бағамен сатқан деп күдікке ілінді. Олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 450 млн теңгегеден астам сомаға материалдық залал келтірілді,-делінген Антикор хабарламасында.

Келтірілген зиянды өтеу жөніндегі қамтамасыз ету шаралары ретінде жоғарыда аталған нысанға тыйым салынған. 

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.