Мемлекеттік басқару академиясына жаңа ректор тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Жолманов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды. Осыған байланысты, ол бұрынғы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар, Ерлан Әбіл аталған академияның ректоры лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Ахмедьяр ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.