Мемлекеттік медицина ұйымдарында өрескел заңбұзушылықтар анықталды

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі мәлімдеді
Жоспардан тыс тексерістер барысында 238 медициналық ұйымның жұмысынан көптеген заңбұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нәтижесінде кейбір мекемелерге айыппұл салынып, кейбірімен келісімшарттар бұзылды.
Бұл мәселелер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізген жоспардан тыс мониторинг барысында 1,4 мың медицина ұйымының 238-інен түрлі заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, рұқсат құжаттарының болмауы, бірнеше клиниканың бір мекенжайда орналасуы, медициналық персоналдың жарамды сертификаттарының жоқтығы және басқа да мәселелер тіркелді», – деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.