Жаңалықтар

«Мен үшін де жаңа оқу жылы басталды»: Асхат Аймағамбетов сабақ беріп жүр

Бұрынғы Білім министрі әлі де ұстаздық етеді

Парламент мәжілісінің депутаты, бұрынғы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  депуттатық мандатымен қатар Астанадағы оқу орындарының бірінде студенттерге дәріс оқиды. Бүгін ол әлеуметтік желдегі парақшасына видео жүктеп, студенттерге сабақ беруге бара жатқанын айтқан, деп жазады Jambylinfo.kz. 

"Мен үшін жаңа оқу жылы басталды. Сенбі күні өткізетін сабақтарымды жалғастырамын. Бүгін болашақ журналистерге саясаттану пәнінен сабақ беремін. Шыны керек, сабақ беру менің кәсіби дамуыма үлкен серпін береді. Жаңа оқу жылы табысты болсын", -деп жазды Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасына. 

Ал депуттатың әлеуметтік желідегі оқырмандары оның мықты маман әрі қарапайым адам екенін жарыса жазып, ризашылықтарын білдіріп жатыр.