Жаңалықтар

«Менің мотиваторым»: Сметов спортпен қоштаспауына Жадыраевтың жетістігі себеп болғанын айтты

Ол адамның жасы тек сандардың ауысуы екенін айтады

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов төрт жылдықтың басты бәсекесінде күміс жүлдеге қол жеткізген Демеу Жадыраев спорттағы мотиваторына айналғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

31 жасында Олимп шыңынын бағыдырған дзюдошы 35 жасында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында топ жарғысы келеді. Бұл туралы ол спорт журналисі Аслан Қажкеновке берген сұхбатында айтқан.