Мереке қарсаңында ҰОС ардагерлеріне 545 млн теңге төленді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді.
ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмек түрінде 545 млн теңге төленді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz turkystan.kz сілетеме жасап.
ҰОС-да Жеңіске үлес қосқан өзге де санаттардағы азаматтарға да 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Вице-министр биылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 105 ардагері, сондай-ақ ҰОС Жеңісіне үлес қосқан 40 707 азамат тұратынын айтты.
Бұдан басқа, жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет мүмкіндіктеріне қарай әр өңірде жеке белгіленетін біржолғы материалдық көмек беру жыл сайынғы дәстүрге айналды.