Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсына өтініш қабылдау басталды

Конкурсты қала және ауыл әкімдіктері ұйымдастырды

2025 жылы өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық (қалалық) кезеңіне қатысуға өтініштер 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қабылданады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қатысу үшін үміткер отбасылар аудандық (қалалық) комиссияға қағаз немесе электрондық форматта төменде көрсетілген құжаттарды қоса тіркеп, бір ай ішінде өтініш бере алады:

·  Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке куәліктері мен балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

·  Асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешімнен үзінді көшірме;

·  Неке туралы куәліктің көшірмесі;

·  Ата-ананың бірі қайтыс болған жағдайда – қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

·  Балаларды тәрбиелеу және жетістіктері үшін берілген марапаттар мен алғыс хаттар көшірмелері;

·  Кемінде екі ұсыным хат (заңды және/немесе жеке тұлғалардан);

·  Отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік немесе ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттар;

·  Қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, тәлімгерлік және т.б.) қатысуды растайтын құжаттар (бар болса).