Жаңалықтар

Меркі ауданына жаңа әкім тағайындалды

Меркі ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің келісіммен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Меркі ауданы әкімі болып Руслан Маратұлы Нұрсипатов тағайындалды. Нұрсипатов Руслан Маратұлы 1967 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Михайловка ауылының мектебін бітіріп, Алматы қаласында Алматы технологиялық техникумына түсіп, 1 курсты бітірген соң 1985-1987 жылдары аралығында Кеңес Одағының әскерінің қатарында болды, әскери міндетін атқарған соң оқуды жалғастырып, 1989 жылы бітірді. Өзінің еңбек жолын 1989 жылыдың желтоқсан айында Қордай аудандық тұтынушылар одағының нан шығаратын цехында слесарь болып бастады. 1990 жылдың желтоқсан айында Михайловка ауылының наубайханасының меңгерушісі. 1994 жылдың тамыз айынан, 1995 жылдың каңтар айына дейін Қордай аудандық тұтынушылыр одағының нан шығаратын заводтың директорының бірінші орынбасары. 1995 жылы қаңтар айынан, 2001 жылдың қаңтар айына дейін Қордай ауданының тамақтану орнының директоры 2001 жылдың қаңтар айынан, 2004 жылдың наурыз айына дейін «Астық Астана 2030» ЖШС-нің директоры. 2003 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде сырттай түсіп, агрономия мамандығын алды. 2004 жылдың наурыз айынан, 2009 сәуір айына дейін, Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары. 2011 жылдың желтоқсан айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Қордай ауданының Почта байланыс торабының басшысы. 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап  20 наурызына дейін Қордай аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының төрағасының бірінші орынбасарының қызметін атқарған.