Жаңалықтар

Меркі ауданында азаматтық қорғаныс саласы бойынша оқу- жаттығу жалғасуда

Тактикалық оқу-жаттығуға Меркі аудан әкімінің орынбасары Ернар Әбілдаев, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі, аудандық төтенше жағдай бөлімі, №9 өрт сөндіру бөлімі, орман шаруашылығы, аудандық электр желісі және жол пайдалану бөлімі және медицина қызметкерлері қатысты.

Профилактика шеңберінде азаматтық қорғау саласындағы органдардың басшы құрамы мен мамандарының жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелері, Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру жөніндегі іс-қимылдары пысықталады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 21 тамызында Меркі ауданының азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының ТЖ жөніндегі комиссияның, авариялық-құтқару қызметтерінің  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде іс-қимылдарын одан әрі жетілдіру мақсатында кешенді оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі өткізілген еді.